Өлең, жыр, ақындар

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 251
Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ,
Уақыт көңіл күйін тасқынға орап.
Айтақтап ауласында ырылдатып,
Кейбіреу иттерін жүр қасқыр балап.
Күрсініп тынып іштен тұрам қарап,
Еліктеп биік шыңға қырау қабақ.
Қонар деп шың басына қарқылдаған
Қарғасын біреулер жүр қыран балап.
Көрмейтін көріп тұрып соқыр үшін,
Өртейді өзегіңді өкінішің.
Ал біреу алтындаған торға салып,
Бұлбұл деп саудалап жүр тоты құсын.
Білместі білгендерге билетпеген,
Талғамын танымға түк үйретпеген,
Тамсанып сұлулық деп қол соғады,
Аққуды алмастырып үйрекпенен.
Көңілмен күннің көзін тұманға орап,
Көзіңе бүлк етпестен тұрар қарап.
Бәйгеге қосар біреу жалы бар деп,
Жабыны құс жетпейтін құлан балап.
Осындай шошынғанда сұмдық істен,
Қақ жарып өтсем деймін жыр-қылышпен.
Жалғандық жүргізер өз үстемдігін,
Шыңғырып шыққанда бір шындық іштен..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек

  • 0
  • 0

Өмір теңіз, мен қайықпын, сен ескек,
Айдарымнан бақытымның жел еспек.
Мен өзіңді есіме алсам, құс жолы
Көз алдыма тұрады ылғи елестеп.

Толық

Адам қашан қадірлі?

  • 0
  • 0

– Адам қашан қадірлі?
– Іңгәлап өмірге алғаш келгенінде.
– Адам қашан қадірлі?
– Аһ ұрып,

Толық

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт

  • 0
  • 0

Сезіміме сеуіп сәуле таң үміт,
Жарық аспан жасырады арлы айды.
Келмедің ғой... күтуден көп жалығып,
Жасыл тауым сағынышпен сарғайды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар