Өлең, жыр, ақындар

Жер астынан табылған теңіз

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 227
Аспанында қалқып ұшқан жас қыран,
Аспанында қалқып ұшқан жастық ән,
Шалқар дария табылыпты бір теңіз,
Мен шыр етіп туған жердің астынан.
Жаңалықтар әр таңменен жетер көп,
Шабытымның жануы үшін оты өрлеп.
Бұл теңізді сүймей қайтіп тұра алам,
Шаңқылдаған шағаласыз екен деп?
Тұңғиықтан теңіз үні жетер кеп,
Өткен едім осы өңірді мекендеп.
Қалай үнсіз қалам, жұлдыз суретін
Ағысында билетпейді екен деп.
Табиғаттың мінезіндей құбылған,
Ақ дауыл жоқ толқындарын қуырған.
Ұйқыдағы теңіз тұрып келеді
Жер бетіне шығып темір құбырдан...
Бұл құбылыс, түсін, мейлің, түсінбе,
Өңің түгіл көре алмайтын түсінде,
Көз алдыма келер жұмбақ адамдай,
Бар асылын сақтап келген ішінде...
Өлшемі жоқ су қазына, телегей,
Қалай үнсіз қалам оны елемей?
Көктеп тұрған көк теңіздің үстінде
Туған жерім тербеледі кемедей.
Сол кемеден ғажайыптар көрем мен,
Өмірімнен, биік тұрған өремнен.
Жер астынан табылған бір теңіздей,
Жырым менің көзін ашсын тереңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін

  • 0
  • 0

Айтарым көп, қалай бастап, не деймін,
Ит үреді, иттің несін елеймін?
Сыртқа, жарық дүниеге шыға алмай,
Тұйықталам, тұтқыны боп мен ойдың...

Толық

Әншінің алса «ажал» тәнін алды

  • 0
  • 0

Әншінің алса «ажал» тәнін алды,
Әуелеп ақ аспанда әні қалды.
Көгеріп, тамырланып жайқалады,
Өмірде өнердің жас дәні мәңгі.

Толық

Нәресте күлкісі

  • 0
  • 0

Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,

Толық

Қарап көріңіз