Өлең, жыр, ақындар

Нәресте күлкісі

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 394
Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,
Тұнық судың бетіндегі иірімдей!..
Жүрегіңе сызып сәуле жол мәңгі,
Мейіріммен мас боларсың осы үнге.
Ол білместен бояманы, жалғанды,
Күледі шын әз ананың төсінде!
Неткен күлкі, неткен ләззат, тәңір-ау,
Нең қалды еріп, балқып жаның қызбаған.
Оның тұңғыш жымиысын ал, мынау,
Бүкіл дүние көздерінен қызғанам!
Шомылдырған рахаттың бағына,
Болса өмірде сол күлкідей пәктілік.
Тұнық су ол иірілген шағында,
Шошытасың, ойнама тас лақтырып!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытыппын...

  • 0
  • 0

Ұмытыппын...
Бәрі-бәрі өзгерген,
Өзіме жат көрінеді өз кеудем.
Жан-жағыма жаутаңдап бір қараймын,

Толық

Ақын

  • 0
  • 0

Өз кірпішін өмірге әркім қалайды,
Қалағандар... жерде қалтылдамайды.
Ақын деген – отты жасын, найзағай,
Ал, найзағай күнде жарқылдамайды...

Толық

Қалжырап сағыныштан, үміттен де

  • 0
  • 0

Қалжырап сағыныштан, үміттен де,
Көңілім құлазыса суып демде.
Сол кезде күн көзінен от аламын,
Шалқайып жатқан жасыл шығып белге.

Толық

Қарап көріңіз