Өлең, жыр, ақындар

Сыншы қыз

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 268
Жастықтың қызықпай аз сайранына,
Арманның ай қондырып айдарына,
Қолыңа сарбаздай боп семсер алып,
Шықтың сен әділеттің майданына.
Көзіңе қарап кейде таңданармын,
(Сын деген сыны емес пе арман, ардың),
Осынау ерге лайық қиын жолды
Қаймықпай қалай ғана таңдап алдың?
Дүлей күш сезіндің бе дауыл сырын,
Өткеріп өміріңнің ауыр сынын?
Ішінде «тұмсықтының», қарлығашым,
Қайрылып қалмас па екен қауырсының?
Өлшемге сен сенесің мен сенбеген,
Бірақ қарап сендік көзбен көрсем деп ем.
Қайрылған сен ұстаған мынау қалам
Пара-пар суырылған семсерменен.
Бір кезде басымыздан ауады өмір,
Көгіңнен кете алмай ақ шағала жүр.
Жүрекпен жазылған жыр жұрт жұтатын
Айналып кетсе, шіркін, ауаға бір...
Өзгерер дегендерің бүгін асыл,
Бұрылсаң тек уақытқа бұрыласың.
Сыншы қыз! Сенің семсер қаламыңа
Төгіп тұрсын жырым шұғыласын!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жер бетіне шашу шашып күн шықты

  • 0
  • 0

Жер бетіне шашу шашып күн шықты,
Бұлбұл дүние көмейінен үн шықты.
Бұлт астынан жіп сәулені тарқатып,
Иірді аспан әже ұршықты.

Толық

Қайыршы

  • 0
  • 0

Бір бұрышта отыр, тиіп мүмкіндік,
Көрген сәтте, бөгеліп, сәл іркілдік.
Адамдарға қолын жаяр, ақша емес,
Жарық дүние сұрағандай бір күндік.

Толық

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын

  • 0
  • 0

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.

Толық

Қарап көріңіз