Өлең, жыр, ақындар

Қайыршы

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 305
Бір бұрышта отыр, тиіп мүмкіндік,
Көрген сәтте, бөгеліп, сәл іркілдік.
Адамдарға қолын жаяр, ақша емес,
Жарық дүние сұрағандай бір күндік.
Қарап білгін, болады сор, бақ қандай,
«Ұсағым жоқ» деп бекерге ақталмай.
Ол жыласа жанарынан жас емес,
Жарқ-жұрқ етіп тиын құлап жатқандай...
Санайды өткен тиын-тамшы уақытты,
Уақытқа ғұмыр – көзін сатыпты.
Бір басына құдай өзі бермеген
Адамнан ол қалай алар бақытты?
Бақыт жайлы қайыршыдан сұрама,
Ұқсайтындай қалтасы құз-ұраға.
Алақаны жез ақшаға толғанмен,
Аш көңілі толар ма екен сірә да.
Біреу әне, машиан алып, үй апты,
Кей маңдайға бақ жұлдызы жиі ақты.
Алақанын жайып аспан астында,
Қайыршы отыр, ұрыдан көп ұятты...
Көрер көзге аспан аман, күн аман,
Таңырқама, «не болған деп мынаған».
Бір бұрышта қайыршы отыр қол жайып,
Адамдардың пейілдерін сынаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлар мені мазалайды күні-түн

  • 0
  • 0

Ойлар мені мазалайды күні-түн,
Үнсіз дүние, күтетіндей бір үкім.
Тас-түнекте қайтіп өмір сүрер ем,
Сөнсе көктен, сөнген жұлдыз үмітім.

Толық

Өтер уақыт, замандар

  • 0
  • 0

Өтер уақыт, замандар,
Ұмытылмас қимас ән.
Мен ғашық болған адамдар,
Орман болар, жинасам...

Толық

Түндер өтті елеспен, күндер өтті

  • 0
  • 0

Түндер өтті елеспен, күндер өтті,
Сеніп қалған іздеумен күлден отты.
Табиғаттың елігіп көктеміне,
Жайқалып бір көңілім гүлдемепті...

Толық

Қарап көріңіз