Өлең, жыр, ақындар

Түндер өтті елеспен, күндер өтті

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 227
Түндер өтті елеспен, күндер өтті,
Сеніп қалған іздеумен күлден отты.
Табиғаттың елігіп көктеміне,
Жайқалып бір көңілім гүлдемепті...
Ізсіз судай барады өмір ағып,
Таңым атты тілеумен жолыңа құт.
Бұлбұлың боп сайрармын, бәйтерегім,
Бұтағыңа мен сенің, қонып алып.
Мүмкін, саған болармын алынған шың,
Досың келіп құттықтап қолыңды алсын.
Жүрегіңе қан болып жүгіреді,
Тамырыңды аралап менің даусым...
Асау арман қай жаққа қашады алып,
Жанарыма шаттықтан жас оралып.
Жаңбыр жауып беймезгіл, соқса дауыл,
Жапырағыңа тығылам тасаланып.
Өмір деген о да бір асау анық,
Жасық болсаң жығуға қашады алып.
Қартаярсың қартайсаң, бәйтерегім,
Құштарлықтың күйімен шаш ағарып.
Сүйікті елес, есімде қарағаның,
Бара жатыр таусылып бар амалым.
Жарық күнге еркелеп жайқаларсың,
Тамырыңа жаңбырдай тарап әнім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың туралы ой

  • 0
  • 0

Төбеңді таңда ертемен сүйіпті күн,
Кеудеңнен бұлттар тұр иіп бүгін.
Басыңда бала қыран айналады,
Қайсарлықтың паш етіп биіктігін.

Толық

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ

  • 0
  • 0

Ашылған ақ аспанмен аштым қабақ,
Уақыт көңіл күйін тасқынға орап.
Айтақтап ауласында ырылдатып,
Кейбіреу иттерін жүр қасқыр балап.

Толық

Екі көз, екі дүние...

  • 0
  • 0

Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...

Толық

Қарап көріңіз