Өлең, жыр, ақындар

Ерте тұрып, ашық алаң, көшені

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Ерте тұрып, ашық алаң, көшені,
Түскен жапырақ, темекінің қалдығын,
Әдетімен егде кісі кешегі
Сыпырып жүр, түк қалдырмай барлығын.
Көкжиектен келе жатыр күн шығып,
Жер толғатып шаршағандай түнімен.
Дүр сілкінді оянып кеп тіршілік
Сыр-сыр еткен сыпыртқының үнімен.
Кеуделерде үміт жанып өшеді,
Е дегенше өмір қалай тез өткен.
Тағы біреу сыпырып жүр көшені,
Уақыттай сыпыратын кезекпен...
Қонған кезде басына кеп бүгін бақ,
Жіберуге болмас жатқа есені.
Уысында тұрғандықтан сығымдап,
Сыпыртқыны оң мен солға еседі.
Кезегін ап келеді екен әрбір күн,
Кету үшін міндетінен құтылып.
Сыпырады... Сыпыртқысы тағдырдың
Өзін де ертең тастайтындай сыпырып...
Әлдекімнің ойыншық қып тағдырын,
Бара жатыр ұясына батып күн.
Ұшқан жапырақ, темекінің қалдығын
Сыпырып жүр сыпыртқысы уақыттың...
Әрбір күннің қабағынан түсінем,
Әрбір күннің болады өз өлеңі.
Сыр-сыр еткен сыпыртқының ұшымен
Көшкен өмір көз алдыма келеді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соғар қайтып...

  • 0
  • 0

Таласпаймын тұру үшін жоғары,
Табылмай жүр көңілімнің жоғы әлі.
Мен өмірде өзгелерге не істесем,
Бәрі өзіме қайта айналып соғады...

Толық

Менің ғасырым

  • 0
  • 0

Жұбанады кешегі “ел” жылаған,
Күш береді еркіндік енді маған.
Көк аспанның астында қанат қағар,
Менің, сенің ғасырың келді, балам.

Толық

Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл

  • 0
  • 0

Арман ауыр, болғанмен күлкім жеңіл,
Өтіп жатыр білдірмей бұл күндерім.
Сезім балын, ішкізіп қиял уын,
Сый алуым уақыттан мүмкін менің...

Толық

Қарап көріңіз