Өлең, жыр, ақындар

Махаббат жалына

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 260
Махаббат жалына
Жаңылмай жармастым.
Тіліңнің балына
Бәрібір қанбаспын.
Кезіксем кеселге
Кезенбей қалмассың.
Шын сүйдім десем де,
Сен оған нанбассың.
Еш болып еңбегім
Кетсе де талмаспын.
Тілекке көнбедің –
Тілімді алмассың.
Өзіңді сүйгендей
Өртеніп жанбаспын.
Тау-тастан именбей
Тек қана алға астым.
Алқынып демім де,
Шарқ ұрып келермін.
Зор болып өмірде,
Қор болып өлермін.
Бір күйіп, бір ысып,
Есімнен танармын.
Намысқа тырысып,
Алысқа шабармын.
Артыма қарармын
Жарасаң еруге...
Ақыры қалармын,
Құлаған жерімде!
Мен сөйтіп өлермін,
Сырыңды бүкпеші.
Сен жайлы өлеңнің
Сол болар нүктесі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сейітқұлдың кетпені

  • 0
  • 0

Маңдай соры – үш батпан,
Тағдыр мықтап ұстатқан.
Қыс алғанда қыспаққа,
Аштық тартты пұшпақтан.

Толық

Танысқалы көп болды

  • 0
  • 0

Танысқалы көп болды,
Табысқалы...
Жүрегімді бір сезім жаныштады.
Құшағымнан кетпеші,

Толық

Жағалау. Теңіз. Мұнара

  • 0
  • 0

Қарт Каспийдің толқыны жағаны ұрып,
Әкелгендей саған да, маған үміт.
Жағалаудың болғаны қандай жақсы,
Құдіретін түсіндім жаңа біліп.

Толық

Қарап көріңіз