Өлең, жыр, ақындар

Аңқау

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 302
Күресiп бiз
Жатыр едiк,
«Ал қайсымыз
Күштiмiз!» – деп,
Өттi осы кез
Жақын келiп
Бiр самолет
Үстiмiзден.
Барлығымыз
Қарап көкке,
Қолды сермеп,
Айқайладық.
СССР-деп
Самолетке
Жазылғанын
Байқап қалдық.
Ортамызда
Тұра қалып,
Бiр аңқаудың
Сұрағаны.
Желкесiн ол
Қасып қойды:
– Жазуды кiм
Жазып қойды?
– Кiм жазушы ед,
Не дегенiң,
Жазды өзiңдей
Адам оны!
– Самолетке
Төбедегi
Дедi ол: – Жеткен
Қалай қолы?!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолбарыс батырдың түсі

  • 0
  • 0

Батыр бастап жорықты,
Пана болған халқына,
Көрген түсін жорытты,
Ақылгөй ел қартына.

Толық

Балабақшада жақсы ма, мектеп жақсы ма?

  • 0
  • 0

– Балабақшада жақсы ма,
Əлде мектеп жақсы ма? –
Дедiк бiздер Сақышқа,
– Айтшы, кəне, айтшы, ə!

Толық

Саумал

  • 0
  • 0

Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар