Өлең, жыр, ақындар

Ұмытшақ

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Ұмытшақ Жүсiп түс көрдi,
Түсiнде қызық iс көрдi.
Жалғыз өзi
Түсiнде,
Шөп шабуға келедi.
Шабдар аттың үстiнде
Бүкең-бүкең желедi.
Қоржын толы тамағы,
Шалабы бар бiр қарын.
Таңдады тау қабағын
Жерi майса,
Гүл қалың...
Айтар болсақ
Арғысын,
Тұрды дел-сал күйiнде.
Шөп шабатын шалғысын,
Сөйтсе,
Ұмытқан
Үйiнде...
Тағы бiрде
Түсiнде
Балықшы екен – қараса,
Отыр қайық үстiнде,
Көлде өзi оңаша.
Ескегiн тез еседi,
Терең жерге жетiптi.
Ау тастайтын десе ендi,
Оны
Ұмытып
Кетiптi...
Жəне бiрде
Қараса –
Комбайншы – өзi екен.
Шабуға ол жараса,
Егiн пiскен кезi екен.
Кiрiсе бер тек iске,
Шапсаң егiн дап-дайын.
Сөйтсе, өзi кеп егiске,
Ұмыт
Қалған
Комбайн...
Содан шошып оянды-ау,
Қызығы бұл түсiнiң –
Олақтығы болар-ау
Өңiндегi iсiнiң.
Оның барлық себебiн
Анықтаған,
Бiлген –
Мен.
... Сабағына дəптерiн
Күнде
Ұмытып
Жүргеннен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенсация

  • 0
  • 0

Қаламызда
көрiп мұны
Мен кеше,
Қос қазаққа

Толық

Налыған бала

  • 0
  • 0

Бiр iс бiтсе, бiрiсi
Дайын кезек күтетiн,
Бұл адамның жұмысы
Бар ма, сəрi бiтетiн.

Толық

Жаза

  • 0
  • 0

Саудагер түксиiп қабағы,
Тектен-тек баласын сабады.
Саудасы жүрмесе əдетi,
Баладан өшiн кеп алады.

Толық

Қарап көріңіз