Өлең, жыр, ақындар

Жаза

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 67
Саудагер түксиiп қабағы,
Тектен-тек баласын сабады.
Саудасы жүрмесе əдетi,
Баладан өшiн кеп алады.
Жақын кеп көршiсi сұрасын:
– Не үшiн, ұлыңды ұрасың?
Не үшiн соққыға жығасың?
Айтсаңшы, бiлейiк кiнəсiн?
Саудагер зекiдi ұлына:
– Көрсетем мен бұған, мұны ма?!
Кесенi қиратар бұл деген,
Төлеген неше пұл құнына...
Сынған еш кесе жоқ, қараса,
Көршiсi таң болды тамаша.
– Баланы жазықсыз ұра ма,
Бер, батыр, бер, батыр, араша...
Саудагер көршiге қарады,
Қолынан босатып баланы.
– Кесенi жармаса... жарады.
Ертең-ақ сындырып алады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Барлаушы – мен

  • 0
  • 0

Майын алмай,
сықпа қып
Жасаған, еһ,
құрт қандай?

Толық

Саумал

  • 0
  • 0

Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.

Толық

Демалыс

  • 0
  • 0

– Көрмедiң бе, бiлесiң бе? –
Деп iнiмнен сұрадым. –
Радионы кiм өшiрген,
Кiм бұраған құлағын?

Толық

Қарап көріңіз