Өлең, жыр, ақындар

Таразының бары анық

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 232
Ұлтына сай болар,
Бiр ұлың ем далалық.
Жан дүниеңдi қайғы алар,
Топырақтан жаралып.
Кiсi өлiмi.... бұл кiм дер,
Елiм тағы дүрлiктi.
Бағаламай жүр кiмдер,
Бес күндiк бұл тiрлiктi.
Қалтырайды жапырақ,
Су сұрайды топырақ.
Тiтiркендi-ау атырап,
Түсiнбейдi ақымақ.
Сыртымыздан күлгендер,
Сырларыңды бiлген бе ел.
Ит боп елге үрмеңдер,
Отпен ойнап жүргендер.
Не боп кеттi айнала,
Не боп кеттi, қарағым.
Киесiмен ойнама,
Мынау Ұлы Даланың.
Шашы ағарған сорлы ана,
Бар қайғыңды талдармын.
Тiлiн, дiлiн қорлама,
Кешегi өткен шалдардың.
Барлығында берген Сiз,
Қабырғама батады.
Дiнiн сатқан көргенсiз,
Баласын да сатады.
Анасын да сатады,
Даласын да сатады.
Қаласын да сатады,
Данасын да сатады.
Арын биiк сақтаған,
Алашорда атылған.
Көше бойы қаптаған,
Ару қыздар сатылған.
Мықтап алған күзетiн,
Қызға көзiн сүзетiн.
Азаматтар қор болды-ау,
Тепсе темiр үзетiн.
Бiр көрмедiк iзетiн,
Қызғанбаймыз күзетiн.
Мекемеңiз бiз емес,
Кемшiлiгiн тiзетiн.
Ел үмiтiн артатын,
Кеттi жырлар таралып.
Түбiнде бiр тартатын,
Таразының бары анық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен

  • 0
  • 0

Өзiң жайлы ойлаймын бүгiнде мен,
Жабықсам да өмiрден, түңiлмегем.
Бар өмiрiм тұрады сағыныштан,
Ғашық жандар жоқ шығар сүрiнбеген.

Толық

Замандасым, сырласым

  • 0
  • 0

Замандасым,
сырласым,
мектептесiм,
Әрбiр сағат,

Толық

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Әлi күнге айта алмастан келемiн,
Әлемдегi ең сұлу қыз сен едiң.
Торыққан бiр,
тарыққан бiр шағымда,

Толық

Қарап көріңіз