Өлең, жыр, ақындар

Алғаш рет

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 472
Алғаш рет қараған сәт ұрлана,
Қолын бұлғап қоштасқанда қыз бала.
Самал ескен әдемі бір көктемде,
Көз тастаған сыртынан ол өткенде.
Гүл терген кез бір белеңде жап-жазық,
Содан кейін жіберген сәт хат жазып.
Алғаш рет ғашық болып бір қызға,
Қараған сәт аспандағы жұлдызға.
Алғаш рет сүйіскен сәт еріннен,
Мына дүние сондай сұлу көрінген.
Алғаш рет дос болған кез өзгемен,
Үлкен болып көрінгенмен көзге мен.
Алғаш рет өлең жазған түнімде,
Періштедей таза мөлдір күнімде.
Қайран менің, арманым-ай, арманым,
Бәрі сонда, бала кезде қалғанын.
Оларменен бір-ақ рет кез кеппін,
Соның бәрін қалай сонда сезбеппін.
Бәрін бірде айтамын деп жүр едім,
Соғып тұрса менің мұңлы жүрегім.
Сырласыңдай сыр айтайын мен саған,
Ей, адамдар, бала кезді аңсаған.
Біліп тұрып бір нәрсені білмеппіз,
Бала кездей алаңсыз бір күлмеппіз.
Бала кездей алаңсыз бір жүрмеппіз,
Дабырлаған, дуылдаған дүрмекпіз.
Бірінші рет түйіскендей болмайды,
Бірінші рет рет сүйіскендей болмайды.
Бірінші рет достасқандай болмайды,
Бірінші рет қоштасқандай болмайды.
Барлық нәрсе, осылай ғой қорланба,
Қызық-ау тек бірінші рет болғанда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саттар Ерубаевты еске алу

  • 0
  • 0

Мәңгiлiк орын алып тұрсың көктен,
Жырларың жүректердi дүрсiлдеткен.
Мен саған мәрмәр тастан белгi қойдым,
Көкем-ай, жиырма үшiнде қыршын кеткен.

Толық

Шүберек

  • 0
  • 0

Тым алыста қалған сол үмiтi едiм солардың,
Адам көркi шүберек, шүберекке орандым.
Бақ пен тақтан сен түгiл патшалар да жеңiлген,
Үш-төрт кездей шүберек әкетерiң өмiрден.

Толық

Шыңғыс мен Ілия

  • 0
  • 0

Жәмила,
Әсел,
Бибiжан,
Хадишаларым,

Толық

Қарап көріңіз