Өлең, жыр, ақындар

Шыңғыс мен Ілия

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 335
«Данияр, Жәмила мен Әсел әнi –
мен үшiн өз жанымның үнi деймiн».
Шыңғыс Айтматов

Жәмила,
Әсел,
Бибiжан,
Хадишаларым,
Алыстап кеткен ботакөз боталарым-ай.
Кешегi Ақан,
Бiржан сал падишаларым,
Iлия боп қайта оралған ноталарым-ай.
Соқпайды ендi
бiз болған мына жол баққа,
Сынады тағдыр
тым қатал шыдадым дедiм.
Ыстық жас болып
үзiлдiң Ыстықкөл жақта,
Қызыл орамал байлаған Шынарым менiң.
Шынарым менiң,
армандай шырайлым менiң,
Орындай алмай махаббат қағидаларын.
Мұңаймашы деп
құдайдан сұраймын дедiм,
Адасып кеткен Әселiм, Жәмилаларым.
Iлия жазған сол әнмен,
әсермен тұрғам,
Егiлiп үнсiз тыңдаған халық шыдады.
Iлияс сонда шаңырақ Әселмен құрған,
Бар ма екен сол бiр автоваз Балықшыдағы?
Ей, ғұмыр,
баста тағы бiр жол қырларыңа,
Бақытсыздардың
жанары жарқылдамайды.
Көз жасы тамған
Iлиястың толқындарына,
Ыстықкөл, суың ешқашан салқындамайды.
Оралды көктем!
Жүгiрдi жылғалар
жылға,
Оранса гүлге бар қызық
майда екен дедiм.
Тыраулап өткен төбемнен
тырналар – тырна,
Көрмедiңдер ме Әселiм қайда екен менiң?
Жасырын ғана жүректе
сақталғаныңды,
Кiм керек қылсын қасiрет,
қайғың барында.
Сүймеймiн сенiң,
ей, таулар шатқалдарыңды,
Көрiксiз екен аққусыз айдындарың да.
Келдiм мен жалғыз,
тағы да жағаға сол түн,
Қызыл орамал елестеп кел, кел деп тұрған.
Сен айтшы маған
қайғысыз көк ала толқын,
Шынарым менiң
қайда екен жер тербеп тұрған?
Бәйтемiр,
Әсел,
Iлияс,
ол Самат бәлкiм,
Суретiн салған сағыныш сарала күздiң.
Шыңғыс пен Iлия
құстағы қос қанат халқым,
Ән болып жеткен аспаннан далаға бiздiң,
Елестеп сол бiр
бұтағы сынбаған қайың,
Бастайды қайсы қиырға қасқа жол әлi.
Iлияның әнiн
кездесiп тыңдаған сайын,
Шыңғыстың мұңлы жанары жасқа толады.
Ұмыта алмаған
бақытты шақта да мүлде,
Махаббатым-ай бозбала,
бала кездегi.
Әлi оятады
ұйқымнан қап-қара түнде,
Жас төгiп тұрған Әселдiң қара көздерi...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасым Аманжолов жайлы жыр немесе ақын зиратындағы ой

  • 0
  • 0

Қабырға сөккен
қазақтың мұңы тербеткен,
Қара бала едiм қараша ауылда ержеткен.
Қаратау жақтың қара талының шыбығын,

Толық

Жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар қашады, қаладан шыға сап,
Тартады жан-жаққа таралып.
Оң жақта от сөнген бiр ошақ,
Сол жақта бiр жердiң бары анық.

Толық

Алматыға келді тағы, гүл көктем

  • 0
  • 0

Алматыға келді тағы, гүл көктем,
Гүл көктемдер сағындырып жүр көптен.
Еске түсті бозбала кез алаңсыз,
Баяғыда қыздарменен бір кеткен.

Толық

Қарап көріңіз