Өлең, жыр, ақындар

Түркiстан ием

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 279
Түркiстан ием,
тарихы түпсiз тереңiм,
Айдындарыңа аққулар қонған ел едiң.
Он сегiздерге
қанат бiтiрер ертеңгi,
Өзiңде алғаш өрiлiп едi өлеңiм.
Тұрысың ғажап,
көз салып өткен-кеткенге,
Сәлем де бiзден бiз көре
алмайтын көктемге.
Алыстан арып ақ ниетiменен
Аллалап,
Ат мiнгiзесiң ақ таяқ ұстап жеткенге.
Ғазалдарыммен тербесем деумен ғаламды,
Асқақ рухың сиқырлап алған санамды.
Киесi ғажап,
иесi қазақ,
Түркiстан,
Топырағыңа тапсырғам ғазиз анамды.
Заңдары қатал өтпелi мынау өмiрдiң,
Уақыт сен де
көне шаһардан жеңiлдiң.
Хақназар ханның
ұрпағы түгiл кешегi,
Ғаламатым ғой көзiндей Ақсақ Темiрдiң.
Оқыдық құран тiзерлеп
мұңлы молаға,
Жасаурап жанар қарадық Ұлы Далаға.
Керiле түсiп алдымнан қашты қара жол,
Хан Кене кiрген Наурызбайды ертiп қалаға.
Қаруды бiлген ұсталар
соққан затынан,
Аруды бiлген ақ кептер
берген хатынан.
Әз Тәуке ханның
Жетi Жарғысы сөйлейдi,
Келмеске кеткен заманалардың атынан.
Алашым менiң,
айбарым,
сұстым,
асқағым,
Бал дәурен заман...
өттi де кеттi, қас қағым...
Шiркiндер қалай сезiмдерменен ойнайды,
Тұран даламның сөйлетiп асыл тастарын.
Сап түзеп тұрып,
Саураннан кiрпiш алдырған,
Далалық ұлы махаббатпенен салдырған.
Көктасты қашап,
аспан астында Алашқа,
Бабалар бiздiң шежiре жазып қалдырған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын азабы

  • 0
  • 0

Жапырақтарға жел үзген,
Жабырқай қарап қыр жатты.
Тiршiлiк атты теңiзден,
Iздедiм мұңлы ырғақты.

Толық

Қайран анам

  • 0
  • 0

Бұлбұл ма таңда бiр сәт сайрамаған,
Жiгiт пе елiн-жұртын ойламаған.
Дүниеден баяғыда өтiп кеткен,
Есiме түстi бүгiн қайран анам.

Толық

Қараша үйден

  • 0
  • 0

Қараша үйден
күй аңдып,
Отырған қалды-ау мезгiл де.
Биледi бойды ұяңдық,

Толық

Қарап көріңіз