Өлең, жыр, ақындар

Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ

  • 20.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Ауыр жолды таңдағам, жеңіл жолда бақыт жоқ,
Аламанда алаңсыз керілуге уақыт жоқ.
Жеңіл жолмен жүргенді Жаратқанда кешпейді,
Қараша үйде жаққан от көкіректе өшпейді.
Жеңіл жолдың бойында өсімдіктер өспейді,
Жеңіл жолдың аруы көкейіңді теспейді.
Кейде рас қабат кеп шың - құздары бұралаң,
Тірек таппай таянар жалғыз қалып жылағам.
Қара дауыл соққанда тәлтіректеп сүрінгем,
Қара тасқа қан жұққан табанымнан тілінген.
Кейде маған дес бермес қиындықтар ұнаған,
Тұра алмастай сүрініп құздан ұшып құлағам.
Мұң шақпайтын боп алдым жатсамдағы етпеттеп,
Қасарысып айтпадым жақынға да кеп кет деп.
Мені мәңгі аяулым ар - ожданым күзеткен,
Қара жолдан сұрарсың ары-бері жүз өткен.
...Ауыр жолмен қапталдас жеңіл жолдар жатады,
Сол жолменен кеткен көп, осы маған батады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамын ойлар

  • 0
  • 0

Қамын ойлар
кезiм ғой деп ұлыстың,
Өзiме-өзiм неше мәрте ұрыстым.
Орда бұзар

Толық

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер

  • 0
  • 0

Мөп-мөлдір-ау, бұл ауылда көк пен жер,
Әне анау атам асып кеткен бел.
Мұғалім мен ата-анадан тығылып,
Алғаш рет темекі ұрлап шеккен жер.

Толық

Ажарың толған ақ айдай жаным

  • 0
  • 0

Ажарың толған ақ айдай жаным,
қастарың садақ керiлген,
Батылым барып сүйе алмай кеткем,
шиедей тәттi ерiннен.

Толық

Қарап көріңіз