Өлең, жыр, ақындар

Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 244
Сыйлады тағдыр ақындық ғұмыр,
Жанымды мәңгi қинады.
Арадағы бұл жақындықты бiл,
Маңдайға бақыт сыймады.
Ақындық ғұмыр сор менен бақыт,
Көктем мен күздей алмасар.
Ақындық ғұмыр көр менен уақыт,
Жағаңа қабат жармасар.
Ақындық ғұмыр өткiншi жаңбыр,
Күркiрер, құяр, селдетер.
Екiншi өмiр...
басталар таң тұр,
Туған топырақ тербетер.
Ақындық ғұмыр қалар дәптерде,
Азабы жүк қой жүз нарға.
Жабыққан жалғыз қиын сәттерде,
Сүйендiм ерке қыздарға.
Ақындық ғұмыр көздiң жасы бұл,
Аяулы сәтте таматын.
Ақындық ғұмыр сөздiң басы бұл,
Әдемi ән боп қалатын.
Ақындық ғұмыр күлкiсi қыздың,
Нәзiк қоңырау сыңғыры.
Ақындық ғұмыр, түлкiсi түздiң...
...Үзеңгi, жүген сылдыры...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шеттегi көше

  • 0
  • 0

Шеттегi көше,
жүретiн ойнап бiр бала,
Шалқаңнан жатып
қараушы ең ұшқан тырнаға.

Толық

Кешкі вокзал

  • 0
  • 0

Қары тау боп үйілген,
Қарауытып жол жатыр.
Жүгі тең-тең түйілген,
Состав темір жолда тұр.

Толық

Ақын еді ол, Алтайға тартып туған

  • 0
  • 0

Еске алып досың жайлы толғанасың,
Жаныңда көптен бірге болмағасын.
Шілікті,
Шүршітсу мен Сарытұмсық,

Толық

Қарап көріңіз