Өлең, жыр, ақындар

Жақсының табанында

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 251
Жақсының табанында,
Қызыл гүл ашылса екен.
Колчактың вагонында,
Қиналды-ау асыл Сәкен.
Жаратқан құрыш қылып,
Танылды кейiн көпке.
Өлген жоқ Рысқұлов,
Өлген жоқ Бейiмбет те.
Шығыстың аспанына,
Жұлдыз боп жанды Ғани.
Аралдың тастарына,
Жаңбыр боп тамды Ғани.
Жанымнан маза кеттi,
Туған жер, жараң аз ба.
Не үшiн Лазо кеттi,
Отын боп паровозға?
Соңында жұтаған үй,
Ұл тусын, ұран ұстар.
Қайда екен Мұқағали,
Қайда екен Жұбановтар.
Берiк ем сертке көптен,
Қайраған жас дарынды.
Жас ұрпақ өрт боп өткен,
Ұмытпа Саттарыңды.
Тарихтан сыр ұқтың ба,
Сан кеткен қайғы өңгерiп...
О, жастық, ұмыттың ба,
Қайда екен Айбергенов?
Сағыныш күз көңiлмен,
Жыр борап iздерiмнен.
Келедi жаңа ұрпақ,
Өтемiз бiз де өмiрден.
Мәңгiлiк солар әнi,
Аспанға шашылған от.
Желтоқсан бораны әлi,
Жүректе басылған жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяздағы ән

  • 0
  • 0

Сары аязда
сол жылы сақылдаған,
Ерттеп бердi Тұрдыбай атын маған.
Төрт тұяққа лақтыртып кезек қарды,

Толық

Құбылыс

  • 0
  • 0

Алатаудың етегiнде
бiр қала бар ғажайып,
Ұлы ақындар сол шаһарда бара жатыр азайып.
Жыр оқитын

Толық

Ташкентпен қоштасу

  • 0
  • 0

Ташкенге қарап жылағым келдi ардақтым,
Әлденелердi өзiңнен қайта сұрағым келдi
ардақтым.
Көңiл шiркiнiң толқыды-ай сол түн,

Толық

Қарап көріңіз