Өлең, жыр, ақындар

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 229
Cап-сары боп өңiрге келетiн күз,
Күздей сұлу клубқа енетiн қыз.
Сол жылдары киноны дуалдарға
Кездемеден iлiнген көретiнбiз.
Тым орынсыз ызылып сызылмаған,
Қатал тағдыр қоспады қызын маған.
Түркiстандық саудагер тығып сатқан,
Қол фонарым бар едi ғыжылдаған.
Ғыж.. ғыж...
бассаң жарығы молаятын,
Қарақшыдай бағана сораятын.
Ильич шамы кеш жеткен сол ауылдан,
Маған дейiн шықпаған қалай ақын?
Анамыздан жиырма-отыз тиын алушы ек,
Күпәйкеден қысылып қиналушы ек.
Қол фонарьды қолға алып қыздарды ертiп,
Жарығы жоқ клубқа жиналушы ек.
Ағыл-тегiл аңқылдап шешiлмесек,
Бүгiн жыр боп,
самал боп есiлмес ек.
Амангелдi батыр ма,
Чапаев па,
Ескi лента үзiлгiш... есiмде тек.
Сыбырлаған сары қыздың жылы демi,
Жүрегiмдi жылытып тұрып едi.
Жасырынса бiреулер, ал бiздердiң,
Кездесетiн жерiмiз клуб едi.
Еске түссе әлi күн жылы демi,
Қан жоса боп жүрегiм тiлiнедi.
Шалғай жатқан көп шудан сол ауылда,
Бiр махаббат аз ғұмыр сүрiп едi.
...Шамсыз ауыл ақ арман арқалатты,
Кездiм жалғыз мен содан шартарапты.
Кездеменi баяғы дуалдағы,
Сарайларда сағындым салтанатты.
Өстiк суды етiкпен шылпылдатып,
Естiлерге ескiлеу жыр тыңдатып.
Жазып жүрген жырыма менiң бүгiн,
Бiр жылдары болады жұртым ғашық.
Балалық шақ бәрiне елiктiрген,
Елiктiрген, ерiксiз желiктiрген.
Ақ боранда адасқан халiм мынау,
Ақбөкендей қораға келiп кiрген.
Айтпасақ та көп жайды жарымызға,
Қара таңба түскен жоқ арымызға.
Мен қарызбын
осынау сезiм үшiн,
Кездемеге, киноға, сары қызға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескі жұрт

  • 0
  • 0

Бабам көрген, атам көрген ескi бел,
Сағыныштан тұнжыраған кештi көр.
Жасқа толы жанардайын қарашы,
Күн астында мөлдiрейдi кешкi көл.

Толық

Көк туы көк аспанда желбіреген

  • 0
  • 0

Көк туы көк аспанда желбіреген,
Аруы айдын көлдей мөлдіреген.
Мадақтап ұрпақтарын Ер түріктің,
Жаза алмай жүрмін әлі мен бір өлең.

Толық

Шүберек

  • 0
  • 0

Тым алыста қалған сол үмiтi едiм солардың,
Адам көркi шүберек, шүберекке орандым.
Бақ пен тақтан сен түгiл патшалар да жеңiлген,
Үш-төрт кездей шүберек әкетерiң өмiрден.

Толық

Қарап көріңіз