Өлең, жыр, ақындар

Шымырлар жүрек

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Шымырлар жүрек,
түйiссе жанар,
Екеумiз бiлер сыр ғана...
Шөлдеген мейiр сүйiссе қанар,
Шеткерек шығып ұрлана.
Көктемдер келiп,
көктемдер кеттi,
Сарқылды сабыр сенi iздей.
Амал не ендi,
өткендер өттi,
Жалмады уақыт теңiздей.
Мейiрiмi шексiз,
жапырақ шашқан,
Қартайды сырлы қос қайың.
Жоқ едi бiр қыз атырапта асқан,
Мен оны қалай тоспайын.
...Ауылға келгем астана жақтан,
Бiткенде жазғы семестр.
Кiрпiгiн маған қастана қаққан,
Бекежан сыры емес бұл.
Хабарды үздi кей таныс бiзден,
Махаббат қыры алыс қыр.
«Бұрыш жақтағы бейтаныс қызбен,
Жан досым, менi таныстыр...»
Сұрақ бергендi сендiрген болам,
«Ауылдан қалай астанаң?»
Бейтаныс сұлу телмiрген маған,
Жалт етiп көзiн тастаған.
Лүпiлдеп жүрек,
қиналғам сонда,
Жаныма түскен жарадан.
Естерi шыға жиналған сонда,
Жiгiттер саған қараған.
...Сол түнi кеттiк өзендi бойлап,
Төбеде тұрды аппақ Ай.
Iнiлер сондай кезеңдi тойлап,
Махаббаттарын сақтағай.
Көздерiң көлдей түбi көрiнген,
Сұлу жоқ сенен асатын.
Он жетi жасар өбiп ерiннен,
Өмiрге келдi жас ақын.
Қалшылдап сонда
жаураған жандай,
Бетiңдi басып отырдың.
Жанарларымнан аунаған таңдай,
Залдарда жыр боп оқылдың...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кездемедегі кинолар мен Рахила қыз жайлы жыр

  • 0
  • 0

Cап-сары боп өңiрге келетiн күз,
Күздей сұлу клубқа енетiн қыз.
Сол жылдары киноны дуалдарға
Кездемеден iлiнген көретiнбiз.

Толық

Ұзармыз біз қос нүктеге айналып

  • 0
  • 0

Ұға алмасам жүрегіңнің жарасын,
Сезім менен махаббаттың арасын.
Шатастырып алған болсақ нетерміз,
Екі жаққа бөлек-бөлек кетерміз.

Толық

Қасым Аманжолов жайлы жыр немесе ақын зиратындағы ой

  • 0
  • 0

Қабырға сөккен
қазақтың мұңы тербеткен,
Қара бала едiм қараша ауылда ержеткен.
Қаратау жақтың қара талының шыбығын,

Толық

Қарап көріңіз