Өлең, жыр, ақындар

Ауыл сыртында

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 381
Ауыл сыртында
көктемге құштар жас ақын,
Шие ерiн сұлу
сүйгенiн жалғыз тосатын.
Ақ нұрын шашқан
отырып айдың астында,
Қиялы оның Хиуадан әрi асатын.
Ақ көйлегiнiң
көлбеңдеп ұзын етегi,
Ақылды сұлу
ақынға үнсiз жетедi.
Айлы ауыл сырты
әдемi едi,
қайыңды,
Ғашықтар ғана табысар сырлы шет едi.
Жас ақын жырын
қайыңдар тыңдап,
құс тыңдап,
Қара көздерi
тұратын қыздың ұшқындап.
Кездестiм қанша
қызбенен талай жерлерде,
Жаныма бiрақ бәрiнен сол бiр тұс қымбат.
Оларға ай да
телмiрiп үнсiз қарайтын,
Саңқылдап шыққан
дауысы түнге тарайтын.
Ғашықтық жайлы
ғажайып қазiр сол ауыл,
Айтады әндi, айтуға әндi жарайтын.
Жанады жүрек
мұңдана маған қараса ол,
Жанымды бүгiн
сыздатып жүрген жара сол.
Тым кештеу бiлдiм,
айлы ауыл да емес,
қыз да емес,
Ақынға серiк азабы көптеу қара жол.
Көрмеген едi
ештеңе менi қорқытып,
Тұрса да алда
қаншама қиын жол күтiп.
Беймәлiм жол ғой ақынның жолы мәңгiлiк,
Сапарға жалғыз шығарып салып, толқытып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген

  • 0
  • 0

Ұрпақты олар ойлаған жатырға әлі түспеген,
Сыр етіп сөзін айтпаған санада әлі піспеген.
Арғымақтары жарысқан аспанда ұшқан құспенен,
Қайран бабаларым ай!

Толық

Абай

  • 0
  • 0

Жолайрықта тұрмыз біз,
Шетін сезіп сырыңның.
Түсіне алмай жүрміз біз,
Қалтарысын жырыңның.

Толық

Жас тұрды қара көзiмде

  • 0
  • 0

Жас тұрды қара көзiмде,
Сезiндiм шапағатыңды.
Жоғалттым бала кезiмде,
Алғашқы махаббатымды.

Толық

Қарап көріңіз