Өлең, жыр, ақындар

Егер

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Бола қалса қос құлағым тас керең,
Ыммен ұғам, жасымаймын әсте мен.
Соқыр болса екі көзім көнемін,
Онда көкірек сәулесімен көремін.
Мерт болса егер оқыстан бір аяғым,
Сыйлар өмір балдағы мен таяғын.
Бәрін қойшы, зұлым болса жүрегім,
О, сұмдық-ай!
Елді қалай сүйемін?!
Жерді қалай сүйемін?!

1967



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Мәңгілік Ел» белгісі

  • 0
  • 0

«Мәңгілік Ел» ұғымы қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі.

Толық

Достық туралы

  • 0
  • 0

Майысқанда бұғанаң, қайысқанда қабырғаң,
Өлген досың үн қатып жататындай қабырдан.
Алақтайсың аспанға, далақтайсың далаға,
Бөркіңді ала қашқанда ала құйын қағынған.

Толық

Қазақтай ел қайда?

  • 0
  • 0

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда?
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда,

Толық

Қарап көріңіз