Өлең, жыр, ақындар

Бір танысқа

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 438
Шыныменен сен мені білесің бе, ей?!
Білетіндей
Көлгірсіп күлесің ғой.
Менің жаным – ақ таудың ақ бұлағы,
Сенің көңілің – кір-қоқыс күресіндей.
Жалпақтаған боласың жақын жанша,
Көңілімнің қымызын сапырғанша.
Қара тастай кеудеңді аспанға атар
Дауыл бұғып жанымда жатыр қанша.
Ақ көбік боп жүресің алып қашып,
Көрінген боп өзіңше халыққа ашық.
Сыр ашпақ боп сықсиып сығалайсың,
Жымсып келіп, жасырын жабықты ашып.
Сөз қозғайсың ділмәрсіп кешегіден,
Су шығарып тарихтың төсегінен.
Бүгіннің де бұйдасын кері тартып,
Әуресің пенделік есебімен.
Мен тағы боп ойнадым сұр шағылда,
Сен жатқанда көгеннің бұршағында.
Мен келемін тау жаққа тура тартып,
Сен келесің мәз болып құр сағымға.
Жарқыным-ау, шынымен не білесің?
Көрінгенге итініп, емінесің.
Енді ежіктеп жүрсің сен
Әлдеқашан мен оқыған өмірдің емлесін...

1977



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таулардың алып батасын

  • 0
  • 0

«Қараймын көкшіл далаға,
Толқимын іштей, ойланам.
Ұлы ғой Кавказ, жан аға,
Өзіңе жету қайда оған!»

Толық

Жастық

  • 0
  • 0

Алдан күтер әркімді бір бақыт бар,
Аяңменен жүруге бұл уақыт тар.
Жастық – тұлпар ұстатпас қолдан шықса,
Тақымыңа тигенде зырлатып қал!

Толық

Мазасыз күнді өткергем, түнді өткергем

  • 0
  • 0

Мазасыз күнді өткергем, түнді өткергем,
Кеудемде бір бұлтым жүр түйдектелген.
Болсам да қазанбұзар қара тентек,
Жүрегім Алатауды іздеп келген.

Толық

Қарап көріңіз