Өлең, жыр, ақындар

Ей, өлең!

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 441
Ей, өлең барасың сен қай жаққа алып?
Қалды ғой екеумізді аймақ танып.
Сескенем, түбі терең иірімбісің,
Бет жағы жататұғын қаймақтанып?
Білмеймін кейде саған не дерімді,
Таба алмай әлек болам керегіңді.
Япыр-ау, дариямысың дауыл мінез,
Көрсетпей қойдың ғой бір кемеріңді.
Күтіп тұр екен бізді тағдыр қандай,
Кім білсін, кімнің бағын жандырғандай?
Сөзі олақ, тілі шолақ мына заман,
Байқасам, талайды естен тандырғандай.
Көрер көз болмаса да тыңдар құлақ,
Өмірден үміт үзбе, тым зар жылап.
Шелектей түбі түскен қуыс кеуде,
Басыңды зеңітсе де құр даңғырап.
Жартасқа жаңғырғанмен жан кірген бе,
Сөз айтып әуре болма мәңгіргенге.
Есіне бір түсерміз әлдекімнің
Қалың ел қайта оянып, таң күлгенде.

1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен Тәңірі тұтсам да

  • 0
  • 0

Жетегінде қиялдың,
Ердім елес соңынан.
Кейде өзімнен ұялдым,
Өз құнымның жоғынан.

Толық

Көңіл, шіркін...

  • 0
  • 0

Көңіл, шіркін –
Бір күн бай,
Бір күн кедей.
Өтер кім бар ойнадым-күлдім демей?

Толық

Илеуінен ұзап шықса

  • 0
  • 0

Мейірімге жарытқанда жаратушы аз ғана,
Малта тасқа қына бітіп, шаш шығады тазға да.
Қыр желкеге қырсық мінер ел ішінде көбейсе
Телмеңдеген кәрі шал мен өңмеңдеген бозбала.

Толық

Қарап көріңіз