Өлең, жыр, ақындар

Салыстыру

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Өз қолымен дән егіп, кен қазбаған
Талай жандар отқа түсе жаздаған.
Молшылықтың білу үшін қадірін
Жоқшылық та керек екен аздаған.
Кейбіреуге оты шалқып маздаған
Күрсінуді маңдайына жазбаған.
Бақытыңның сезу үшін қадірін
Сор да керек анда-санда аздаған.
Арындатып, арман атын зырлатып,
Қол созамыз келешекке тіл қатып.
Рахаттың ұғу үшін қадірін
Азапты да көру керек бір уақыт.
Ойсыздардың қаперіне кірген бе,
Алтын дәурен өте шықса бір демде.
Әншейінде байқалмайтын көп нәрсе
Білінбей ме жылағанда, күлгенде...

1981



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұраңдар

  • 0
  • 0

Қыздың сырын анасынан сұраңдар,
Гүлдің сырын даласынан сұраңдар.
Шалдың сырын баласынан сұраңдар,
Балдың сырын арасынан сұраңдар.

Толық

Көкшетау

  • 0
  • 0

Көкшетау, мөлдіреген көркің қандай,
Қалықтап аспаныңда ән тұнғандай.
Сексен көл сексен тамшы сыйға тартып,
Айдынын көңілімнің толтырғандай.

Толық

Қызығы бұл дүниенің...

  • 0
  • 0

Сәт сайын тірлігіңнің артып құны,
Жаныңның жаңғырғанда бар түкпірі,
Өткенді есіңе алып толғанарсың,
Еске алу – бәрінен де артық түбі.

Толық

Қарап көріңіз