Өлең, жыр, ақындар

Қырқаға шықсам көлденең

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 403
Қырқаға шықсам көлденең,
Қиырды көзбен ақтарам.
Көгілдір дала көлбеген,
Көңілім бе екен деп қалам.
Қыранды көрсем аспаннан,
Қонсам деп шыңға оқталам.
Тәкаппар таулар қасқарған,
Сенімім бе екен деп қалам.
Тартамын талай жолменен,
Тірлікте тыным жоқ маған.
Гүлдерді көрсем шөлдеген,
Сезімім бе екен деп қалам.
Білмеймін, жардан қанша асты,
Су бар ма арна таппаған?
Жағада тұрған жартасты
Төзімім бе екен деп қалам.
Кепкендей болса кенезем,
Толқынға келіп тоқталам.
Күркіреп аққан көк өзен
Өмірім бе екен деп қалам.
Оралған сайын таң күліп,
Қанатын ойдың көп қағам.
Табиғат түбі
Мәңгілік
Серігім бе екен деп қалам.

1984



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайран өмір

  • 0
  • 0

Қайран өмір,
Қайда жібек самалың майда қоңыр?
Сенген жанның жанымда бірі де жоқ,
Күнге де бір, қараймын айға да бір.

Толық

Тездете алмай ай менен жыл жүрісін

  • 0
  • 0

Тездете алмай ай менен жыл жүрісін,
Сағынумен өткізген күн құрысын.
Өмір бойы келесің мекендеумен
Жүрегімнің құпия бір бұрышын.

Толық

Аруақтарды ұмытпай

  • 0
  • 0

Қара тоқты түсімде босағамнан маңырап,
Күбірлеймін ішімнен, көкірегім қаңырап.
Керегенің көзінен қол созады дәметіп,
Көмусіз де кебінсіз қалың аруақ жамырап.

Толық

Қарап көріңіз