Өлең, жыр, ақындар

Бәрін көріп...

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 299
Төземін мен!
Жүріп өтсін ыстық от өзегімнен,
Аянатын түгім жоқ өз елімнен.
Өкінбейді соңында өмірінің
Бәрін көріп,
Бәрін де сезе білген.
Бірге сырым!
Отан менің бір – анам, бір – бесігім,
Бесігімнің балақбау – іргесімін.
Осқылаймын оты боп найзағайдың,
Бақытыма тигізсе кім кесірін.
Толғанамын!
Күн қабағын бағамын, таң қабағын –
Жібіткім кеп таңдайын шөл даланың,
Тазартқым кеп көйлегін кір аспанның,
Кеңейткім кеп көшесін тар қаланың.
Жылап та алғам!
Естілгенде өксік үн бұлақтардан,
Сарсаң болғам сан қилы сұрақтардан.
Дір етеді жүрегім жеті түнде,
Жер сауыры дір етсе сынақтардан.
Арпалысам!
Біле алмаймын, өзіммен қанша алысам,
Жүйке-жүйем жұқарып, шаршады сан.
Болмаған соң, түсімде қанат байлап,
Бір белгісіз әлемді аңсап ұшам.
Серпілемін!
Қуып солай кеудемнен шер түнегін,
Ғажайып бір күй болып шертілемін,
Көре қалсам әйтеуір әлдекімнің
Ел-жұрт үшін маңдайы тершігенін.
Бүршік аттым!
Көктемдегі астында күншуақтың,
Тамыр жайып тереңге тыншымақпын.
Сәби-дүние сәл ғана жабырқаса,
Көз жасы боп алдымен ыршымақпын.

1986



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаракерей Қабанбай

  • 0
  • 0

Күн туса ел басына әлде қандай,
Атойлап атқа қонған ер Қабанбай.
Жаратып Тәңір өзі жаннан бөлек,
Сүйегін шар болаттан сомдағандай!

Толық

Алдай сал

  • 0
  • 0

Сарсаңға салған сұм жалған,
Болмады дейсің кімге арман?
Күрсінер күзгі жапырақ,
Бүршікті көрсе бүр жарған.

Толық

Жырла, көктем!

  • 0
  • 0

Дариға-ай, қайран көңіл жоқты іздейді,
Сағымды қуғанменен жеткізбейді.
Жастықтың өзенінен бір өткен соң,
Қайтадан кері қарай өткізбейді.

Толық

Қарап көріңіз