Өлең, жыр, ақындар

Автопортрет

  • 26.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2408
Болды кезім әр нәрсеге еліккен...
Енді қазір жас емеспін желіккен.
Қайда барсам, өзіме шақ орным бар,
Несібемді жеп келемін теріп мен.
Үлкен болып кішілікке төздім көп,
Сондықтан да тез солмаймын, тез гүлдеп.
Күмбірлейді көкірегімде қоңыр күй,
Талпынбадым қатарымнан озғым кеп.
Біреулерде басым болар пенделік,
Пенделікті тұрар бірден ел көріп.
Қара бастық қамын күйттей бергенше,
Кеткен жақсы біржолата жерге еніп.
Көпке іні және көпке ағамын,
Келер кезі берілетін бағаның...
Жаман болсам, жетер жерім белгілі,
Жақсы болсам, жақсылықты табамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күнде кеңес

  • 0
  • 0

Қоңыр тірлік бойыма шақтағаным,
(Алда шығар күтулі бақ-таланым).
Тез ашылған «дос» құшақ сескентеді,
Жасырмаймын мен одан сақтанамын.

Толық

Жырға наз

  • 0
  • 0

Ұзақ таңға ілінбейді көзім бір,
Жалған емес, шын ақиқат сөзім бұл.
Бала күннен сырлас болған, өлең-дос,
Енді ұятқа қалдырсаң да, өзің біл.

Толық

Дәрігер

  • 0
  • 0

Кей жырым шырқата алмай дәуір әнін,
Күн сайын қара терге малынамын.
Лауладай өлең оты бықсып жанса,
Мен соның «түтінінен» ауырамын.

Толық

Қарап көріңіз