Өлең, жыр, ақындар

Күнде кеңес

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1731
Қоңыр тірлік бойыма шақтағаным,
(Алда шығар күтулі бақ-таланым).
Тез ашылған «дос» құшақ сескентеді,
Жасырмаймын мен одан сақтанамын.
Қарамаймын әркімнің қабағына,
Үңілмеймін ешкімнің табағына.
«Ақылгөйге» пысқырып қарамаймын,
Мойынсұнам өмірдің сабағына.
Өзімді-өзім осылай қайрап келем,
Күдігімді сенімге байлап берем.
Тасып-тасып кей кезде аламын да,
Бірте-бірте түсемін жайлап төмен.
Асау ойлар бір кезде салқындайды,
Енді күдік сенімді алқымдайды.
Күнде қырық құбылған, шіркін көңіл,
Таразының тіліндей қалтылдайды.
Бұл күйімді сырт көздер білген емес,
(Байқалмайды іштегі жүрген егес).
Сергектігін сезімнің сақтау үшін,
Өз-өзіммен құрамын күнде кеңес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақтөбе

  • 0
  • 1

Ақындай оқитұғын жатқа өлеңін,
Даусымды көптен бері баптап едім.
Бұлбұлым көмейдегі ән салды ғой,
Төбесі көрінгенде Ақтөбенің.

Толық

Туған шаңырақ

  • 0
  • 0

Асу бермес сияқтанар қарлы шың.
Ұшыашарға оқып беріп жаңа жыр,
Мен олардың алып жүрмін алғысын.
Ақын болып, астана асып кет мейлі,

Толық

Ашу

  • 0
  • 0

Ашу жолдас болмайды қызба адамға,
Басылса да бармай-ақ жүз қадамға.
Бет жыртысқан досыңды еске аласың,
Бас ауырып, балтырың сыздағанда.

Толық

Қарап көріңіз