Өлең, жыр, ақындар

Құса

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 289
Құс жолында қанат қақты қыз-құса,
Шемен көңіл жерде оны сезбеді.
Ғасыр солай кірпік қақпай ызғыса,
Шер балқыр ма көздегі?
Ол жылауды ұмытқан.
Беріш болған көкіректе сан күдік!
Құсасына қарамастан,
Жұлдыз болып көз қысқан
Аспан қандай әңгүдік.
Таң атқанда,
Жаратқанға
жұлдыз біткен шулайды
Беріш –жүрек бүлк ете алмай,
Мендік жүрек тулайды.
Шулай берсін сансыз жарық,
Тулай берсін қамсыз ғаріп,
Енді Арзыгүл мендей қызды тумайды.
Ай астында
Дәуір көшіп барады!
Өңсіз тірлік өкпе қойдай жөтеліп,
Маған маңғаз қарады.
Ал тірілер мүлгіпті
Күні бойы кеудесімен
Бір-бір көрді көтеріп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көбелек

  • 0
  • 0

Биіктіктен осы сенің күшті нең?
Таудай бол деп тілек айта бересің.
Ұшқым келсе, биіктіктің үстімен,
Мені қалай сөгесің?

Толық

Әжім

  • 0
  • 0

Көңіліңе қонақтаған,
Ол қандай кірбің еді?
Көзіңде неге сенің,
Үнемі мұң жүреді?

Толық

Бесік жыры

  • 0
  • 0

Құлыным, таймен әлі тебіспеген,
Өн бойымда бір шаттық өрістеген.
Шалықтап күлемісің, ақ бөбегім,
Тілдесіп жатырмысың, періштемен?

Толық

Қарап көріңіз