Өлең, жыр, ақындар

Қоштасу

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 372
Қош­есен бол, кіндік қаным тамған жер,
Кім болғаны сені ұмытса жалғанда ер?
Жүрегімді жібек жіптей кеміріп,
Өле­өлгенше қара күйе – арман жер.
Барлық пенен Тарбағатай ортасы –
Тұнып жатқан топырақтың тортасы.
Еміл менен Қараүңгірдің өзені –
Бал татыған судың майлы сорпасы.
Қайран өлке, қырандардың тұғыры,
Бізге қайта бұйырмайсың ғұмыры.
Төскейіңнен Қубас тұлпар түгілі,
Естілер ме қасқа тайдың дүбірі?
Арқалаумен саған деген парызды,
Сан боздағың арпалысып жан үзді.
Сәби күнім өксіп қалған жұрттағы,
Менен медет күтетұғын тәрізді.
Қысқа өмірде мың марқайған, мың азып,
Таусылмастай табар дейсің кім азық?
Көшіп­қонбас зираттары бабаның,
Жат қолында күңіренеді құлазып.
Қош, бейнетке бөккен таудың бөктері,
Перзентіңе ұжмағыңның жоқ төрі.
Тастарыңа талып жетіп дауысым,
Жер түбінен мен ұлитын көк бөрі.
Қош, Шәуешек, қолдан­қолға алмасқан,
Ақ бесігім, айықпайтын шаң басқан.
Жасқа толы жанарымда кетті ойнап,
Жүзінен қан тамшылаған алдаспан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нөсерден соң

  • 0
  • 0

Шіркін­ай, неткен ғажап мына жалған,
Жаудырап көз алдымда тұна қалған.
Әп­-сәтте күлімсіреп шыға келді,
Көк аспан жаңа ғана жылап алған.

Толық

Сұңқар ақын

  • 0
  • 0

Жырлары ғасырларға жалғасатын,
Тудырған ақындарды ел жасасын!
Жасыңнан поэзия аспанында
Жасындай жарқылдады Олжас атың!

Толық

Орта жолға жеткенде

  • 0
  • 0

Сен де елуге, Бақтыбай, келіп қапсың байқамай,
Елуінде жігітті шырмап алар ой талай.
Орта жолға жеткенде өткен ізді түгендеп,
Көңілдегі бола ма көк теңізді шайқамай?

Толық

Қарап көріңіз