Өлең, жыр, ақындар

Қияметтің көпірі

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 408
Тарбағатай – туған жерім, алыс қалды ар жақта,
Шыдар ма екен буған белім зілден ауыр салмаққа?
Құлақ салмас керең дүние мендей мұңлық заржаққа,
Кімге барып шағынамын, жыламасам аруаққа?
Қанатым жоқ, өткізбейді қияметтің көпірі,
Қуғанменен жеткізбейді қашқан жылдар нөпірі.
Босқан жұрттың қара терден құрғамайды тоқымы,
Бос қаңғыртты тіршіліктің мәнсіз ойран­топыры.
Аспан жайнап тұрғанменен, қапалыға қараңғы,
Қайғыменен жібітем бе көні кепкен ғаламды?
Қодардайын қожаңдатып нақұрыс пен наданды,
Үрейленіп өтемін бе ұстауменен жағамды?
Қайырымсыздың келгені де, кеткені де білінбей,
Әрі­сәрі сарсаң етті әзәзілдің тіліндей.
Қамкөңілім тышқан тескен кебеженің түбіндей,
Сорлы өмірім бөле қырыққан ала қойдың жүніндей.
Бір құрсақтан шыққан туыс бірін­бірі танымай,
Шолақ тонмен шолтаңдайды шайлық сүтке жарымай.
Бөктергінің жемі болып, бозторғайым, жаным­ай,
Шілдей тозып шырқырады­ау шашылған ел тарыдай.
Шыр еткелі туған жердің рахатын көрмедім,
Жамбасымды ойып түсті отқа күйген жөргегім.
Қатал тағдыр, тәлкек қылар мен болдым ба ермегің,
Төгіп­шашқан мол бақыттың бір тамшысын бермедің.
Ергенменен есіркемес ит қорлықтың ырқына,
Ішімдегі ыстық жалын тепті шалқып сыртыма.
Тым болмаса мінәжат қып ата­баба жұртына,
Тұл жүрегім, зар еңіре, сай­сүйегім, сырқыра!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіліңнен у тамшылар

  • 0
  • 0

Аспан асты ашықта,
Көзіңді сал қашыққа.
Қарауытса көкжиек,
Түн келеді, асықпа.

Толық

Ардакүрең

  • 0
  • 0

Әр сағаты ғұмырдың – кісіге сын,
Жайымызды айтпай-ақ түсінесің.
Көңіліміз кей уақыт күңгірт тартса,
Көңіліңнің сәулесін түсіресің.

Толық

Еңбегің ұлан-асыр

  • 0
  • 0

Уа, Маха, некен­-саяқ сендей адам,
Жерім жоқ шын жақсыдан жанды аяған.
Дос таптым, туыс таптым – тыныс таптым,
Қуанып керегемді кеңге жаям!

Толық

Қарап көріңіз