Өлең, жыр, ақындар

Дүние елесі

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 452
Қатер күтіп қалтыраған сарайынан патшаның,
Тыныштығы тоналмаған қосың артық шап­шағын.
Жер жыртығын жамайтұғын жезтырнақтан тусаң да,
Сау қалмайды салған басың саудасына ақшаның.
Дүние елесі – жортып жүрген бір жолбарыс көк шұбар,
Азуына тура келсе, тажалды да жеп шыдар.
Жазда шалғын шабамын деп қыста шалғы қайрама,
Басқан ізің улы болса, қалай ғана шөп шығар?
Шапқанменен шыға алмайсың шексіз жалған шетіне,
Түзу қара аз ғұмырда туғаныңның бетіне.
Қомағайға айлық азық, жылдық үнем болмайды,
Қоян етін қақтағанмен қара желдің өтіне.
Байтақ жерден бәрімізге тиетіні тар қабір,
Алпауыттың кеудесі де соғылады жарға бір.
Асып­тасып, шіріп қалар байлығыңнан не пайда,
Көр аузына кіреріңде сеппеген соң жанға нұр?
Тәңір өзі тіктемесе желкеніңді жел үзген,
Сорап іздеп сарсаң болма су бетінде жоқ ізден.
Күнің бітсе, қағып түсер қармағыңнан қайыр жоқ,
Жалғыз шабақ бұйырмайды шалқып жатқан теңізден.
Еш нәрсе жоқ кең ғаламның тар құрсағы қуырмас,
Тәубесіне түскен жанның шиін пенде суырмас.
Қара суды қайта­қайта қайнатқанмен май шықпас,
Сарқылдаған қазаныңның бұрқылдаған буын бас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл дауылы

  • 0
  • 0

Қарап тұр ем бір күні белге шығып,
Қаңбақтарды барады жел көшіріп.
Жел айдаған қаңбақтай кім көшпейді
Әурелесе аз күнгі пендешілік?

Толық

Дарақыға дауа болмас

  • 0
  • 0

Алматының ғимараты ығы­жығы, қым­қиғаш,
Көлеңкелі терезеге күннің көзі нұр құймас.
Мейрамхана бай­мырзасы, сырахана сұлтаны –
Қашан көрсең қалқып жүзген біздің қазақ ылғи мас.

Толық

Жарқыра, Ақорда!

  • 0
  • 0

Бақыт кетпесін басыңнан,
Жаса, байтақ елім!
Алтын тамырын тереңге жайған,
Бойлай берсін асқақ Бәйтерегің!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар