Өлең, жыр, ақындар

Өзімен өзі қайғылы

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 370
Қанаты сынған көбелек,
Отырсың әрең қалтылдап.
Жүруші ең көкте әуелеп,
Танадай болып жалтылдап.
Мүсіркер сені кім елеп,
Іздемес жоқтап сай­сала.
Болдың да қалдың мүгедек,
Бейкүнә, момын, бейшара.
Шақырып гүлді алапқа,
Күліп тұр өмір алдағы.
Түсті екен нәзік қанатқа
Тағдырдың қандай салмағы?
Жарқ ете түсіп жоғалған,
Тірліктің нұры сен де бір.
Ғұмыры қысқа жаралған,
Бір нәзік сәуле менде жүр.
Сөнері оның қай күні
Құдайға ғана белгілі.
Өзімен өзі қайғылы,
Ұқпайсың, байғұс, сен мұны...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аққуым сен екенсің

  • 0
  • 0

Жанардан үзілтіп талай,
Сағыныш тамшыларын,
Өзіңсіз жүргенмін қалай,
Қарсы алып таң шуағын?

Толық

Сезім мен төзім арбасып

  • 0
  • 0

Сезім мен төзім арбасып,
Санаға салды ой бұғау.
Кетсе де жылдар алмасып,
Көкейден кетпей қойдың-ау.

Толық

Тау жыры

  • 0
  • 0

Тауым, мені құпияңмен жолықтыр,
Мен ұқпаған өмір сырын сен ұқтыр.
Көкірекке құстың үні толып бір,
Құшағыңа сүңгіп кеткім келіп тұр.

Толық

Қарап көріңіз