Өлең, жыр, ақындар

Құралай-ғұмыр

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 475
Мына күннің алды – жаңбыр, арты – қар,
Тоңған жаным торғайдайын қалтырар.
Ғұмыр, сірә, қызылшақа құралай,
Туа сала сан жығылып, сан тұрар.
Мына түннің арты – боран, алды – қар,
Жыласаң да сыңайы жоқ зарды ұғар.
Қар үстінде қалтыраған нәресте,
Қайда барар, қай тарапқа қаңғырар?
Қорғансызға жер бетінде жоқ пана,
Жемтік болар жыртқышқа да, оққа да.
Құлдыраған сәби­жүрек тобықтай,
Құстай ұшып жанын сақтар тек қана.
Кім біледі, алдында не күтіп тұр,
Жүгірмесе жоғалтардай жұтып қыр.
Ызғарлана түпсіз қойнын ашады
Шексіз әлем бермейтұғын бітіп бір.
Сенделеді қиырына шыға алмай,
Жүрегіне біреу пышақ сұғардай.
Төбесінен мың бәлекет ұлиды,
Күтір­күтір аспан мұзы сынардай.
135
Ғұмыр – бейне жезкиіктің лағы,
Таптырмайды шөлдегенде бұлағы.
Ортасында өмір менен өлімнің,
Күндіз­түні елеңдейді құлағы.
Құралайым, тұра берме құр қарап,
Жон теріңді сыдырғанша бір қабат.
Онсыз­дағы құдіреттің көк иті
Тарпа бас сап, талап жейді жұлмалап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақшоқы оқиғасы

  • 0
  • 0

Қарайып тау басында бір мола тұр,
Дегендей қыршын ғұмыр мұнда жатыр.
Баяндап не болғанын көктас қана,
Шертеді өткен күннен мұңдана сыр.

Толық

Семей

  • 0
  • 0

Бүгінгі жұртқа мәлім Жаңа Семей,
Немене кешегі Алаш қаласы емей?
Шешесін көзге шұқып туған қызы,
Көрінді әкесіне баласы өгей.

Толық

Ей, мұңлығым!

  • 0
  • 0

Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.

Толық

Қарап көріңіз