Өлең, жыр, ақындар

Ей, мұңлығым!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 475
Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.
Білесің ғой мән­жайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірім­ау, алдымнан шық!
Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
,
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?
Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.
Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүние

  • 0
  • 0

Қызыл тіл таңдайымда тақылдауда,
Сұм жалған жүрегімді зақымдауда.
Басымнан түйдек-түйдек бұлт көшкенде,
Жаныма домбырадан жақын бар ма?

Толық

Көкшетау

  • 0
  • 0

Көкшетау, мөлдіреген көркің қандай,
Қалықтап аспаныңда ән тұнғандай.
Сексен көл сексен тамшы сыйға тартып,
Айдынын көңілімнің толтырғандай.

Толық

Қандай сұлу дүние!

  • 0
  • 0

Көзімді ашсам жайнаған күнді көрем,
Нұрды көрем бұлттарды тілгілеген.
Тауды көрем, көремін көк орманды,
Гүлді көрем жібектей үлбіреген.

Толық

Қарап көріңіз