Өлең, жыр, ақындар

Бұлдырайды елесі

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 405
Күн қылтиып көрінсе ай шөгеді,
Қара бұлттың көбесін жай сөгеді.
Әлдеқашан жұғынын ит жалаған,
Қаңсып жатыр жылдардың майшелегі.
Бұлдырайды елесі бұрынғының,
Жұртта қалған жүн­жұрқа жұлым­жұлым.
Көкжиектен арғыны көрсетпейді,
Құрып тастап келешек шымылдығын.
Тіл үйіріп таңдайға тамған шырын,
Емексітіп жетелер алдамшы күн.
Жанға қатер төнерін қайдан білсін
Тәтті балға қанатын малған шыбын.
Бөлеп тұрса тіршілік сәулесіне,
Бұйырған дәм таусылмас пендесіне.
Бұл жалғанның әлегін елең қылмас,
Салып қойған азапты әуресіне.
Түзу түссе Тәңірдің көзі кімге,
Күлкі ойнайды өмірдің езуінде.
Тұңғиығын тағдырдың болжау қиын,
Төңкеріліп түспесе өзі бірде...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наза

  • 0
  • 0

Қайқы мүйіз тағдырға
Тайқы маңдай соғылды.
Қан аралас жаңбырға
Қарашығым шомылды.

Толық

Тамырлар

  • 0
  • 0

О, тамырлар!
Тереңдерге тармақ-тармақ жол салып,
Тереңдерден салмақ тартып соншалық,
Балбыратып Жер-ананың денесін,

Толық

Қайғымды қалыңдаттың

  • 0
  • 0

Қайғымды қалыңдаттың неге менің,
Қасымда ұшып­-қонған көбелегім?
Жаныңа керегіңді қайдан табам,
Білмеймін өзіме де не керегін.

Толық

Қарап көріңіз