Өлең, жыр, ақындар

Барқытбелдің бауыры­-ай!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 300
Барқытбелдің бауыры­ай жырақтағы,
Жамыраған жарыса бұлақтары.
Табар едім оймақтай үйдің орнын,
Таптырмайды­ау бесігім бірақ­тағы.
Ғажап еді көктемде гүл атқаны,
Иранбақтың өзі еді жұмақтағы.
Ай астында жарқырап жатыр ма екен
Алтын астау секілді суаттары?
Балбыраған балауса құрақтары,
Көк шалғыны, шұрайлы шұраттары.
Керген кілем секілді көрікті еді,
Күнгей беті құлпырған шуақтағы.
Самалдайтын сауырда құр аттары,
Салқындайтын бауырда лақтары.
Шаңқылдаса аспанда түз бүркіті,
Шалқаятын шалдардың тұмақтары.
Су сылдыры сағынтып құлақтағы,
Шөлдедім ғой қурайдай қыраттағы.
Күрпілдеген қайдасың қара саба,
Бал татыған қымызы, шұбаттары?
Жауабы жоқ өмірдің сұрақтары,
Бұғып жатқан қылыштай қынаптағы.
Уға айналып барады ойып түсер,
Көздің жасы – көңілдің сынаптары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана тілім

  • 0
  • 0

Қыран құстай аспандап ана тілім
Көтерілсе, қауырсын­қанатымын.
Шалатұғын қиырдан не болмаса
Жарқылдаған көзінің болатымын.

Толық

Қайдасың, арыс ағалар?!

  • 0
  • 0

Арғымақ жалында,
Алапат жалынға
Жанған ер –
Қайыспас қара нар,

Толық

Бөрітостаған

  • 0
  • 0

Бөрітостаған, Бөрітостаған,
Жұмбағыңды айтшы, кәрі тас, маған.
Таңырқасын деп жердегі пенде,
Аспаннан, бәлкім, пері тастаған.

Толық

Қарап көріңіз