Өлең, жыр, ақындар

Адам ата

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 569
...Саздан құйып Құдірет сонда Адамды
бір жіберген қатесін оңдап алды.
Сол сәтте жүзіне бұлт тұтып, ықтап
жетіп кепті Ібіліс сықылықтап.
Саз-мүсінге сәл қарап тұрған оғаш,
бір түртіпті қарынын тыр жалаңаш.
"Іші қуыс — болды енді, жетті, бітті...
алдауға болады екен!" — деп күліпті.
Содан бастап жігер-құм, үміт тағы,
қуыстығын ешкім де ұмытпады.
О, менің қуысы мол туыстарым,
түпке жетті-ау қуыс ой, қуыс қарын!
"Алдауға болады екен?" Күні бүгін
біреудің кемітерде ұлылығын,
бар мақсатқа қарынды кепіл ғылып,
ішті түртіп қарайтын секілді жұрт.
Жан екенсің, досым сен, түсің ізгі,
үлкен сыйлап, күтіп жүр кіші бізді:
қуыстықты қайтеді ұмыт етсек,
түрткізбесек қайтеді ішімізді?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Заттар, сырлар, жырлар

  • 0
  • 0

Әр күн сайын қағылады мың шегең,
Мың шегеде – бір балғаның салмағы.
Мен де өзімше бір балуан, бір шебер,
Әкел, бермен дос тонналық балғаны!

Толық

Балауса

  • 1
  • 0

Жатыр жақпар... Қарағайды аралайды жел ескен,
Жапырақтар, жапырақтар сыбыр-сыбыр кеңескен.
Тау сулары таусылмады, сыңсып тұрып ағады,
Қыз толқындар бірін-бірі шымшып күліп барады,

Толық

Ақбоз

  • 0
  • 0

Құйрық-жалы әдемі
төрт тұяғы балғадай
ақбоз атым бар еді —
әй, жалған-ай, жалған-ай.

Толық

Қарап көріңіз