Өлең, жыр, ақындар

Ақбоз

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 546
Құйрық-жалы әдемі
төрт тұяғы балғадай
ақбоз атым бар еді —
әй, жалған-ай, жалған-ай.
Қарғығанда жырадан
кетті айналып ұршығы-ай.
Мен де оңбай құлағам
әй, қырсық-ай, қырсық-ай.
Ер жығылды. Бір сайда
бөрік қалды домалап.
Ауырсындым ырсаңдап...
өй, обал-ақ, обал-ақ.
Бөркім — әнтек ұшты деп
шағына алман басқаға-ай,
бірақ бұдан күштірек
бір масқара... масқара-ай.
...Көрдім кеше боз атты —
жазылыпты. Тұр билеп,
өлеңі боп қазақтың
кісінеді күмбірлеп.
Сәл қисайған жалы бар,
сәл жүдеген халі бар.
Әй, жануар, жануар,
әй, жануар, жануар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табиғат

  • 0
  • 0

Тау рухы ешкімнен сый күтпейді,
еріп кетсін сай-жыра жидіп мейлі.
Еркеленіп оралса бұлт мойнына,
кекірейіп кәрі шың илікпейді.

Толық

Байронға

  • 0
  • 0

Уа, керемет!
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,

Толық

Бетіңе талай шимай жатып ап жүр

  • 0
  • 0

Бетіңе талай шимай жатып ап жүр,
Кей сөздің қызыл көзі шатынап жүр.
Шынымды жазайын деп арлылар жүр,
ақылды сөз жазам деп ақымақ жүр.

Толық

Қарап көріңіз