Өлең, жыр, ақындар

Табиғат

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 980
Тау рухы ешкімнен сый күтпейді,
еріп кетсін сай-жыра жидіп мейлі.
Еркеленіп оралса бұлт мойнына,
кекірейіп кәрі шың илікпейді.
Тосырайып тас жатыр — о да өкпелі —
кінәлайсың, досым-ау, не деп мені.
Кетісті, әне, екі шың, ешқайсының
бабын таппай жел байғұс дедектеді.
Жасыл бұта қалқиып құлақ түрді,
бір құлақты жел жұлып лақтырды.
Ақ қайыңның табалап аңқаулығын
көгалға аунап көгала бұлақ күлді.
О бастағы жарасым былай қалып,
тартысып тұр табиғат — құдайға анық.
...Болған сайын көз мөлдір — көкей қуыс,
көп жігіттің сөзі жүр ылайланып.
Кінәладым, үңілдім, көп қарадым,
келісім мен жарасым — жоқтағаным...
Атыраудан аңқылдап шыққаныммен,
Алатауға тіреліп тоқталамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ант

  • 0
  • 0

Көрші үйде сол бала болды,
Қасқа бір:
Білмеуші еді төбелестен басқаны.
Төбелесіп таныстық біз.

Толық

Тыныштық

  • 0
  • 0

Кім үзеді өзі әлсіз, жіңішке ойды?
Тыныш дейді дүние, тыныш дейді.
Бірақ шыңды бұлт болып буды қайғы,
бірақ бұта дамылсыз судырайды.

Толық

Қайдасың қайғы, үміт

  • 0
  • 0

Қайдасың қайғы, үміт,
сенсіз де күн бар,
жел – еседі.
Тек қарттар кешегі

Толық

Қарап көріңіз