Өлең, жыр, ақындар

Жетім лақ

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 522
Ол — жетімек,
Мен — жетімек, жетімек —
екеуміз тым бауыр басып кетіп ек.
Шама аралас жуындыға қанып ап
еруші еді сылдыр-сылдыр маңырап.
Екі құлақ — екеуі екі шекеңде —
ал, секеңде, секеңдеші, секеңде!
Титтей аузы таппайтұғын бір тыным —
о, кішкене менің қара құлқыным!
Аяу сөзін айтыппын-ау бекер көп —
жетім лақ та ойнайды екен секеңдеп!
Лақ — жетімек,
мен — жетімек,
жетімек — екеуміз тым ұғынысып кетіп ек.
Жаутаң қағып жанарымен мөп-мөлдір,
қараушы еді көрмегендей көптен бір.
Кетті отығып әрнені бір түртіп-ақ,
тұмсығынан жусан исі бұрқырап.
Маңырайтын кеп...
жетім аты жойылды,
жойылғаны — бір қонаққа сойылды.
Мен есейдім.
Талай ешкі ұстадық:
жаз — төлдеттік,
күзде — қырқып,
қыс — бағып...
Кеше сол лақ маңырап жүрді түсімде —
ешкі-ғұмыр бара ма екен қысқарып?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән

  • 0
  • 0

Әдемі үннің әр тамшысын аулап ап,
Әлдеқайдан тартады әнші саумалап.
Бір жақ ұшы сайда жатыр бұл әннің,
Бір жақ ұшы сонау асқар тауда қап;

Толық

Өмірбаян

  • 0
  • 0

Асықты адам —
тамыр теуіп тасып қан,
тағатсыз ғып,
қанатсыздық жасытқан.

Толық

Ақ саусақ билейді, билейді...

  • 0
  • 0

Ақ саусақ билейді, билейді
кәдімгі ақ мата үстінде.
Көк жіпті сұр ине сүйрейді,
көк ала кестелер түсті де

Толық

Қарап көріңіз