Өлең, жыр, ақындар

Ымырт

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 378
Қараң-құраң бұталардың арасы,
әлдебіреу жүрген жоқ па, қарашы?
Маңай жұмбақ, бір құпия іс бардай,
қазір біреу етегіңнен ұстардай.
Тағы да ұрлап әлденені, тағы алдап
тағы біреу жүрген сын-ды қараңдап.
Шегіртке үні, сыбдыр-сыры қияқтың
көлеңке боп жортып жүрген сияқты.
Маңай тымық... бар есімде қалғаны:
нанның иісі шығып еді сонда бір,
Түннен қалған сорпа құсап баттасқан
жұлдыздары кілкіп шығып жатты аспан.
Дәл осындай елең-алаң бір шақта
жылады апам көзден жасы бұршақтап:
қой ұрланды...
желімізді кескен ең,
содан бері, ымырт, сенен сескенем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есіне

  • 0
  • 0

Не сезінсең, сол жайлы
ашық айту — болмайды.
о, болмайды, болмайды.
Емен болып біт, мейлі,

Толық

Мысық тырнағы

  • 0
  • 0

Мияулайды ол
есігіме тырмысып;
дос жақтауды, белгі берді, тырналап –
жата бердім терезеге бір қарап.

Толық

Петефи

  • 0
  • 0

Қайда, дедім, Петефидің моласы —
Мадьяр дос таңданғаннан үқпай түк,
жыпық қаққан жанарымен бітті
айтып тарихтың бетінде жоқ бір сырды;

Толық

Қарап көріңіз