Өлең, жыр, ақындар

Қорық

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Сүйіп ем мен;
елде болған екі айда
ол да сүйген секілді еді, —
не пайда
қара кемпір қуды бір күн:
— кет, әйда.—
Осыны да қыз бағу деп атай ма?
Ит байлайды — "жанды құлып" қояды.
есігіне даңғыра іліп қояды:
ей, тіршілік, кемпіршілік баяғы!
Қыз қалды өстіп.
Қызығы алды еңбектің.
(Енді бәрін еңбегіммен жеңбекпін).
Онсыз-дағы күзеті мол есікті
бірер жұма күзеттім де мен кеттім.
Кемпір қызын ат ізінен қызғанды...
тағдыр, бәлкім, маңдайына сызған-ды:
қызғаншақ жан дүниеден озды ақыр,
бірақ ешкім жоламады қызға әлгі.
Жұрт шошыпты,
ақырында не шықты:
аула айнала адыраспан өсіпті.
Сол ғашыққа соғып едім жақында —
кетік тісті кемпір ашты есікті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрақ

  • 0
  • 0

Жер байғұстың бағына,
әй, жаумады-ау, жаумады.
Тұр ма ана бұлт тағы да
басқа жаққа ауғалы?!

Толық

Бәйтеректер

  • 0
  • 0

Өсірем деп, жеткізем деп мені ептеп,
жер тырналап мал жиды.
— Мына қарт па?
Алжиды той алжиды,

Толық

Шүкір, шүкір!

  • 0
  • 0

Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,
дар арқаны — бір қыл арқан есілді.
Бір ат арба туарылды сол түні,
бір айбалта суарылды сол түні.

Толық

Қарап көріңіз