Өлең, жыр, ақындар

Жебе

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 703
Не бір еппен, алған жақсы, не бетпен —
сөйлейінші тамағымды кенеп мен:
эпос ері тірілді де кенеттен,
сұр жебелі қарт садағын қолға алды.
Намыстан-ақ өліп-өліп болған-ды,
қыран құсап алыс қарап қомданды,
адырнасын шірей тартып толғанды —
мықты жауын жайратуға ниет қылды.
Дұшпан қаптап кеткен шығар деп түрлі,
Ұлытаудың ұшарына кеп тұрды.
Оқтың ұшын Күнге созып кептірді
Сонсоң тартып жіберді сұр жебені.
Бұл кездің де ең жүйрігі — оқ еді,
жебе ысқырып ұшып ала жөнеді,
жолдағыға қатер-қауіп төгеді —
құстар ұшты, тоғайлардан аң қашты.
Тау мен дала, теңіз бен шөл алмасты —
бәрінен де өтті жебе, алға асты,
оқ екпіні зілзалаға жалғасты...
уа, қалтыра, қалтыраңдар, дұшпандар!
Айла-ақылы адамзаттан күшті аңдар,
зауал туса оқтан жылдам ұшқандар!
ал, ұстаңдар, тағдыр оғын ұстаңдар!
Күн астында жебе сарнап ұшыпты.
Екпінімен желдің өзін ысытты.
Ер атқан оқ қашан жерге түсіпті —
тауыпты ақыр... бір бұралқы күшікті.
Бітті білем бұл тақырып, ал, аға,
сөзімді ұқсаң — бір жымиып бағала.
Алтай аңырап атсаң-дағы далаға
итке тиген оқтарыңды санама!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жартас

  • 0
  • 0

Баяғы мүсін бір қалып,
Тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
Кім екен сені қор қылған.

Толық

Кітапханада

  • 0
  • 0

...Жаным менің тұрды ауырып, кім емдер,
маған, маған бір жақсылық тілеңдер.
Қасық бал бер — қаңсып тұрды таңдайым,
миым менің кеуіп тұрды — үнем бер!

Толық

Шабдар айғыр

  • 0
  • 0

Апыл-ғұпыл аттандық.
Кешегі ізде шәуіш жапқан қақ қалды.
Түн пұшпағы ұйып қалған сай, жыра
шомып жатты әлденедей қайғыға.

Толық

Қарап көріңіз