Өлең, жыр, ақындар

Кәрілік

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 338
Күрсінді ата —
кәріліктің қайғысы
шығар дедім, күрсіне ме жай кісі?
— Жоқ, — деді ол,— ішті жалап барады
бір жүйріктің алынбаған бәйгісі.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар, — дедім,— қайғырғыш-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— бұдан елу жыл бұрын
бір досыма жалған айтып кетіп ем.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар,— дедім,— еріккен-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— сұрағанда қиылып
бір жеңгеме белбеу бермей кетіп ем.
Күрсінді ата —
қасіреті бойдақтың
шығар, — дедім, — уақыт бар: ойнап, күл.
— Жоқ, — деді қарт, — баяғыдан бос жүріп
шөбереме құда түсіп қоймаппын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарың, қалқа, жасырды...

  • 0
  • 0

Жанарың, қалқа, жасырды
Оянған ойды тезінен.
Үзіліп түскен жасыңды
Үмітім деп сезінем.

Толық

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас...

  • 0
  • 0

Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас,
амандасуға созған қолыңды ұстап «қош!» дедім.
Сөндіргенше үмітіңді сенің жас,
өзім неге сол арада өшпедім!..

Толық

Медеу сайы

  • 0
  • 0

Кең-ау, шіркін, менің ата мекенім,
маған,
саған,
оған да жер жетеді.

Толық

Қарап көріңіз