Өлең, жыр, ақындар

Жаңбыр

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 403
Жаңбыр жауды,
хал мүшкіл,
көлік сирек — кешіктім.
Алқынып кеп жабыстым
тұтқасына есіктің.
Үсті-басым су болды —
жаңбыр жауды бір күні.
Сонда маған түйрелді
бастығымның кірпігі.
Көзі от шашты сұр-сары,
жаңбыр жауған денеге
найза болса —бір сәрі,
кірпік деген немене
елемедім,
бас салып
мақтай бердім мен оны.
Махаббатың тасса анық
бастықты да жеңеді.
Шықпады үні, не демі,
мен бітірдім бір істі.
Жеңілді ол,
себебі:
нахалсың деп ұрысты.
Нахал деді,
денеме
қуат бітті он есе.
Нахал деген немене,
жағымпазсың демесе.
Бүгін менен жалғыз да
отыр ағам таппай мін...
Не жаңбырды жауғызба,
не бастықты мақтай біл!
Күнде жаңбыр болмайды,
кешікпейсің күнде сен.
Ісің бірақ оңбайды
"нахал" бола білмесең.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асханада

  • 0
  • 0

Қартаң әйел қасы иілген тағадай
қимылыңды, бет-жүзіңді бағады-ай.
Есеп шоттың тасы жылпың, тіл жұмсақ —
жарылқап тұр, жарылқап тұр жағалай.

Толық

Жалбыр торы

  • 0
  • 0

Жорға еді ғой жалбыр торы ақ қаптал,
Әттең разы емес еді иесі:
Салып алып талай құмға, батпаққа,
бұзды дейтін бір көршінің биесі.

Толық

Осы ма қарашаның айы деген

  • 0
  • 0

Осы ма қарашаның айы деген,
Не болды, күлмегендей қайың, емен,
Су кетіп мойынынан қайың, емен,
Үстінде тамшы аунайды жапырақтың

Толық

Қарап көріңіз