Өлең, жыр, ақындар

Асханада

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 621
Қартаң әйел қасы иілген тағадай
қимылыңды, бет-жүзіңді бағады-ай.
Есеп шоттың тасы жылпың, тіл жұмсақ —
жарылқап тұр, жарылқап тұр жағалай.
Біреулерге күліп қонды қас қағып,
бәзбіреуге мұңын шаға бастады.
Біреуге — май, біреуге — ет, ал, маған
жауырынның шеміршегін тастады.
Шеміршекті былай қойсам — тоқтығым,
тағам да көп,
аспаздар да көп бүгін.
Таң қалдырды мені бірақ,— сол әйел
қайдан білді дау-шарымның жоқтығын?!
Ұсақ жай ғой.
Мұны өлең демес те ек:
біздің тірлік асханада емес тек.
...Кей сыншының қисайғанда "шөміші"
сол бір әйел тұрады ылғи елестеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңертеңгі смена

  • 0
  • 0

Ұйқы жаншып қажып қалған денені
Келеді алып тіршіліктің өлеңі.
Келеді әне, қайсарлығы шахтердің,
Әзілі мен анекдоты келеді.

Толық

Қара өлең

  • 0
  • 0

Өлеңіне қазақтың күпі кигізер едім,
күпісі бар өзінің — керегі не, керегі.
Өлеңіне қазақтың шекпен кигізер едім,
Шекпені де бар оның — керегі не, керегі.

Толық

Шомылып мөлдір өзенге...

  • 0
  • 0

Шомылып мөлдір өзенге,
Сергіп те қап ем оянып,
Жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.

Толық

Қарап көріңіз