Өлең, жыр, ақындар

Қасым аға

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 375
Тұтап шығып сөзі ойдан,
аһ дегенде пеш-демі,
Жалын айдап шығатын —
Уа, ақ жалын, кеш мені,
Ұшқын ұшса жалыннан
ойып түсіп бір түрлі,
бетіңе леп ұратын
қағаз күйген сықылды.
Әр жолының астына
Қалың мағына қапты ұйып,
теңеулері сондықтан
көрінеді баттиып.
Үтірлері — тұлпардың
ізі сын-ды бір ұлы,
нүктелерінің өзі
жұдырықтай жұмулы.
Тентек-телі сөздерді
айдап келіп қамарда,
жақшалары ұқсайды
Тәңір соққан қамалға.
Сәл шытынса қабағын
Шыңдарына қар түсіп,
Сәл жымиса — Африка,
Антарктида шарпысып
сықырлайды мұз болып,
Әлемнің бір жартысы,
Мұзға қарсы жалын боп
шарпысады жартысы...
О, космос ақыны!
Ашық бояу өртенген,
бір жалт етіп құйрықты
жұлдыз сынды ерте өлген, —
Жоқ, өлген жоқ, ізі, әне —
Жосып жатыр — саспаңдар,
Құдай тартқан секілді
бір сызықты ақ бормен
Қара тақта-аспанға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәйтеректер

  • 0
  • 0

Өсірем деп, жеткізем деп мені ептеп,
жер тырналап мал жиды.
— Мына қарт па?
Алжиды той алжиды,

Толық

Қыран

  • 0
  • 0

Үлгі-өнеге болсын дей ме артқыға:
— Қара шыңнан қарғып ұшып қарт қыран,
Шырқау көкке шығады екен өлерде,
Содан өзін тастайды екен төменге.

Толық

Москва сапары

  • 0
  • 0

...Кіріп келдім сонау өткен күнге мен,
Ат делбесін, сабын ағаш найзаның
Ұстады екен қай данышпан, қай залым?!
Салқындықты сезініп-ақ тұр денем.

Толық

Қарап көріңіз