Өлең, жыр, ақындар

Әке

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 954
Оқып жүрген кезім еді мектепте.
Салық қария қыңыр да еді, көк бет те:
— Құдай бар ма,— деді ұстап aп,
жігіт болсаң сен ойлы,
Әлде жоқ па, айтшы, балам, кітабыңда не дейді?
...Бұл не сауал, түсінбедім, не екенін,
түсіндім тек: түсірмеу жөн кітабымның беделін:
— Бар дер едім, сөмкеме нан салған емес ол менің,
Жоқ дер едім — іздеп барып орнын сипап көрмедім.
Рухтанып аузыма сөз түскеніне тегіннен —
Кітапта да дәл осылай жазылыпты, дедім мен.
— Жөн-ақ, ұлым, ризамын жауабыңа екпінді,
Кітабың да ақылы көп кітап екен! — деп күлді,
Құдай бар ма?
Жоқ па — оны ойлап көрген емен мен, тегі,
бес саусағым жердің күйін шертеді.
Қымбат бірақ құдай жасады дейтұғын іс-қимыл,
Қымбат және құдай жайлы аңыздар мен ертегі.
Әке!
Маған сенің есім-атағың
Құдай сын-ды алыс, жұмбақ, жат әрі.
Құдай сын-ды ұғым боп құр атағымен алдаған
Түсініксіз боп көрінесің түсімде де сен маған.
Туған жылым... болса егер анық бұл:
Мен әкеден төрт жасымда қалыппын.
Әке деген, мен үшін, сөз! —
Сөздер сын-ды көп ескі,
көзім көрген секілді ескі елесті —
сарғыш тартқан суреті де ескіліктей көмескі.
"Әкең бар ма?"— деген сауал қойылғанда мен жүдеп,
бірер мәрте тосылдым да мөлдіреп,
жауап берер жасқа жеттім:
"Соғыстан бұрын болды", — деп...
Жер секілді жарық тілеп жалтақтайтын Күн, Айға,
Жалтақтаймын "Әке" деген жалғыз сөзге былай да
Алмағаным үшін қабырғаңды құшып жылай да,
Әке!
Менің ұғымымда құдай сын-ды "барсың" сен,
Жоқтығыңмен де ұқсадың сен құдайға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Календарь аударды бір бетін

  • 0
  • 0

Календарь аударды бір бетін,
Сонымен бірге өшті көне жыр.
Өлімді жек көрсе кімде-кім,
Сол өмір!

Толық

Менің елім

  • 4
  • 11

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Толық

Күндер

  • 0
  • 0

...Осынау бір жер бетіне
Қараймын ғой тербетіле.
Қабатына ғасырлардың
Жасырған ой, жасырған мұң,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар